Селективті ішілік химиотерапия ретинобластоманы емдеу әдісі болып табылады және көзді сақтауға бағытталған. Ретинобластома – бұл кішкентай балаларда жиі дамитын көз торының оптикалық бөлігінің қатерлі ісігі. Аурудың қауіптілігі тек көру қабілетінің жоғалу қаупінде ғана емес, сонымен қатар басқа органдарда метастаздар мен ісіктерді тудырады.

Бүгінгі таңда селективті интраартериялық химиотерапия елімізде жүргізілмейді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында Н. Н. Блохина атындағы Онкология ғылыми медициналық орталығының рентгенваскулярлық хирург И.А. Трофимов пен анестезиолог Л. А. Мартынов (Мәскеу қ., РФ) шетелдік мамандарды тарта отырып, «Ретинобластома» диагнозы бар балаларға осы операцияны жүргізу бойынша мастер-класс өтуде.

Селективті интерартериялық химиотерапия «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-ның базасында 15–18 маусым аралығында өткізілді. Осы кезеңде шетелде емдеуге жіберуді жоспарланған 8 балаға операция жасалды. Барлық емдеу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен ТМККК шеңберінде қаржыландырылды.

Өткізілген мастер-кластардың нәтижелері бойынша аталған технологияны отандық денсаулық сақтау ұйымдарында енгізу жоспарлануда. Бүгінгі күні ӘМСҚ селективті интраартериялық химиотерапия қызметін жүргізу бойынша тарифті бекіту үшін тиісті жұмысты жүзеге асыруда.

Мастер-класс өткізу біздің азаматтарымызға шетелге шықпай-ақ, жоғарыда аталған медициналық көмекті ҚР-да алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында отандық бейінді мамандарды (онкологтар, гематологтар, офтальмологтар, Ангиохирург) шетелдік мамандардың тәжірибе алмасуы үшін оқыту қарастырылған.

18.06.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
БЕСПЛАТНЫЕ ЛЕКАРСТВА: КТО ИМЕЕТ ПРАВО И КАК ПОЛУЧИТЬ
ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК: КІМГЕ БЕРІЛЕДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ
Созылмалы және әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан азаматтар ТМККК және МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Дегенмен елімізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көбі білмейді.
22.08.2025
РУКОВОДСТВО ФСМС ПРИНИМАЕТ ГРАЖДАН ЕЖЕМЕСЯЧНО
ҚОР БАСШЫЛЫҒЫ АЙ САЙЫН АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Бұл шара тікелей байланыс орнатуға және медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
22.08.2025
КЛИЕНТЫ FREEDOM BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЯ О ПРОПУЩЕННЫХ ПЛАТЕЖАХ НА ОСМС
FREEDOM BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС-КЕ ТӨЛЕНБЕГЕН ЖАРНАЛАР ТУРАЛЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАР АЛАДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Банк клиенттері оның аясында МӘМС бойынша төлемдердің түспегені туралы push-хабарламалар ала бастайды.
22.08.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу